24.12.2015, 10:37
Оқылды: 61

Тасқала ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына Медет Молдашұлы Мырзаш тағайындалды

Taskala Medet   Тасқала ауданы әкімі С.Әлиевтің 21 желтоқсан 2015 жылғы №29-Ө өкімімен Медет Молдашұлы Мырзаш аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Медет Молдашұлы 1983 жылы 13 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.  Білімі - жоғары. 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2009 жылы Еуразия академиясын экономист және заңтану мамандықтары бойынша тамамдаған.


Медет Молдашұлы алғашқы еңбек жолын 2001 жылы Сырым ауданы, Алғабас ауылында «Бұлдырты агрофирмасы» ЖШС-де  диірмен операторы болып бастаған.

2002 жылы жоғарғы оқу орнына түседі. 2006 жылы оқу орнын бітіргеннен кейін 2008 жылға дейін БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің жетекші  және бас маманы болып қызметтер атқарады. 2008-2009 жылдары БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде  жетекші және бас маман болып қызмет атқарады. 2009-2012 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша басқармасының консультанты, 2012-2013 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің мемлекеттік қызметті кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2013-2014 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызметтің персоналын басқару бөлімінің басшысы және 2014 жылдан күні бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасы мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале