9.06.2016, 16:50
Оқылды: 22

Татамидегі тартыс

tatamidegi tartys  Тасқала ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне және КСРО спорт шебері, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері  Қайыржан Баймағамбетовтың 63 жас мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өткізілді.


   Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде жарыстың бас төрешісі Атырау облысынан келген ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері, жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші Асқар Бакенов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, мерейтой иесінің жеке бапкері, спорт ардагері Қамеш Исмагулов, БҚО-ның Дзюдо федерациясының президенті ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қасым Искаковтар құттықтау сөз сөйледі.  Қайыржан Мұхамбетжанұлының елімізде дзюдоның дамуына қосқан еңбегі үшін ҚР Дзюдо федерациясының тағайындаған «Дзюдо тарланы» орденін табыс етті. Сондай ақ белдесуді тамашалауға Қайыржан Мұхамбетжанұлының үзеңгілес қызмет еткен достары мен қоса бірқатар шәкірттері келді.

  Жарысқа Атырау облысы, Орал қаласынан, Казталов, Жаңақала, Зеленый, Шыңғырлау аудандарымен жергілікті ауылдық округтерден 88 жас палуан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша тасқалалық И.Мустафин (26 кг), Ж.Муханбеткалиев (29 кг), Т.Ажғалиев (+65 кг), оралдық Т.Мендыгалиев (32 кг), А.Адиетов (35 кг), М.Жаркешев (42 кг), М.Газизов (46 кг), Н.Зайдагалиев (50 кг), А.Нурмуханбетов (55 кг), А.Сағиев (65 кг) және Шыңғырлау ауданынан Д.Искалиев пен (60 кг) Казталов ауданынан А.Елеусинов  (38 кг) жеңімпаз атанды.

   «Турнирдің ең жас қатушысы» аталымы бойынша Орал қаласынан келген 2017 жылдың тумасы Еламан Исмагулов демеушілердің бағалы сыйлығына ие болды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілер бекіткен медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
ТАСҚАЛА АУДАНЫ
Рауан Сатыбалдиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале