6.11.2015, 15:02
Оқылды: 16

«Тауардың кедендік бағасы»

Tauardin kedendik bagasi   Облыстық  кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері  «Тауардың кедендік бағасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұған облыстық кірістер департаментінің қызметкерлері   мен   жергілікті  кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды  жүргізген облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының  орынбасары Нұрлан Қайыршин бүгінгі тақырыптың маңыздылығын айтып, облыстық мемлекеттік  кірістер департаментінің қызметкерлеріне сөз кезегін берді.

Мамандардың сөзінше, бүгінгі талқыланып отырған тақырып кәсіпкерлер үшін  ерекше маңызды. Өйткені, олардың алыс-жақын шетелдерден тасыған тауарларының бағасы олардың салық төлеміне әсер етеді. Сондықтан, шетелден тауар тасымалдағанда, кәсіпкерлер тауардың нақты бағасын көрсетуі тиіс. Қолдарында сол тауарлардың нақты бағасы жөнінде анықтама болса, тіпті жақсы. Импорт  тауарлардың тасымалына қатысты басқа да құжаттардың түгел болғаны жөн. Сағида  Аманқосқызының  айтуынша, кейбір кәсіпкерлер кеденнен өтерде импорттық тауарлардың бағасын төмендетіп көрсетеді.  Бұл  айналып келгенде кәсіпкердің  өзіне зиян.

Ресей аумағында Кедендік үдерістің тым қатайып кетуіне байланысты қазақстандық кәсіпкерлердің Ресей аумағынан кедергісіз өтуі үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш жазған. Осы бағытта жұмыстанған ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кеден Одағы заңнамасын бұзбайтын адал кәсіпкерлер мен тауар тасымалдаушылардың тізімін Ресейдегі өткізу бекетіне жөнелтті. Осыған орай, аталмыш тізімде бар адамдардың Ресей бекетінен өтуі оңайламақ.

       www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале