14.09.2015, 20:00
Оқылды: 25

Тағылымы мол шара

Zelenov handik kitaphana   Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Ұлы мереке Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға БҚО ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрбиғаш Сатмағамбетова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, Зеленов колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Иманқұлова және мектеп оқушылары қатысты. Алдымен жиналғандарға «Тарихы терең, келешегі кемел» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды. Аталмыш көрмеге тек хандығымыздың мерекесіне байланысты шығарылған кітаптар ғана емес, биыл тойланған Жеңістің 70 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығы мен тойланып жатырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы сияқты атаулы күндерді ұлықтайтын оқулықтар қойылыпты. Көрмені кітапхананың жас қызметкерлері Мирагүл Ғабдіреш пен Назерке Тастайбек қызықты етіп таныстырды. Содай соң ортаға Салтанат Амангелдіқызы шығып, жиналғандарға хандығымыз құрылуы туралы айтса, одан соң сөз алған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Людмила Ишкулова биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясына енген Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы туралы әңгімелеп, жиналған қауымды терең тарихымызды жазған кітап жайында көптеген қызықты деректермен қанықтырды. Кейін дөңгелек үстелге қатысқан Нұрбиғаш Ғилымғалиқызы тағылымы мол осындай шараға қатысқандығына қуанышты екенін айтып, Ұлы мерекені ұлықтап жатырған кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын білдірсе, Талшынай Орынбекқызы хандығымыздың 550 жылдығы мерекесінің мәні мен маңызына тоқталып, оқушыларға терең тарихымыз жайында тағылымды әңгімерлерін айтты. Дөңгелек үстел соңында қатысқан оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты деректер мен мағлұматтар алғандықтарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале