29.10.2015, 10:35
Оқылды: 32

Таңат-лауреат!

танатЕлорда төрінде оздырылған Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным»  халықаралық ән фестивалінен сүйінші хабар жетті.

32 қатысушының арасынан екінші кезеңге өткен 14 үміткердің қатарында өнер көрсеткен Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Таңат Жексенбаев лауреат  атанып, фестивалдің ІІІ орынын жеңіп алды.

Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері  Нұрғали Нүсіпжанов, Майра Мұхаммедқызы, мәдениет қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов пен Владимир Күзенбаев және Шәмші атамыздың ұлы Мұхтар Қалдаяқов қазылық етті.

Таңат бірінші айналымда байқаудың шарты бойынша фортепианоның сүйемелдеуімен Шәмші Қалдаяқовтың «Күнде өтемін терезеңнің алдынан» және «Теріскей» әндерін орындап, әділ қазылар мен музыка мамандарының жоғары бағасына ие болған. Одан соң екінші айналымда «Биші қайың» және «Өмір-өзен» атты туындылары арқылы ол жүлделі орынды сөзсіз жеңіп алды.

Батыс Қазақстан облысының намысымен қатар еліміздің де абыройын арттырды Таңат. Себебі байқау халықаралық болғасын, көршілес мемлекеттер саналатын Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан да жезтаңдай әншілер көптеп қатысқан. Еліміздің жұлдызына айналған Таңат Жексенбаевтың бұл соңғы жеңісі емес. Көмейіне бұлбұл ұя салған талантты өнерпаздың алар асуы әлі алда.

 www.zhaikpress.kz

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале