22.09.2015, 11:02
Оқылды: 30

Таңдаушылар өз таңдауын жасады

Kaztalov tandaushilar oz tandauin   Қазталов аудандық сайлау учаскесінде Жалпақтал ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді.

Дауыс беру рәсімі алдында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұретден Құтхожин дауыс беру тәртібін түсіндірді. Дауыс беруге 13 таңдаушының 12 қатысты. Сайлау «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сайкес өткізілді.

www.zhaikpress.kz

Қазталов аудандық

сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале