15.05.2015, 17:18
Оқылды: 19

Таңдағы жол апаты бір адамның өмірін қиды

ZH  14 мамырда, сағат таңғы 5-тен кете Орал – Атырау жолының 399-шы километрінде – Ақжайық ауданының Бударин ауылы тұсында жол апаты болды.

   Атырауға бет алған «ГАЗель» «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. «ГАЗельдегі» екі атыраулық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, жүргізуші көп ұзамай көз жұмды. «КамАЗ» иесінің және атыраулық екінші кісінің айтуынша, «ГАЗель» жүргізушісі рөлде қалғып кеткен сыңайлы. «ГАЗель» тура келе жатқан бетінде кенеттен қарсы бетке кілт бұрылып, Оралға бара жатқан «КамАЗдың» тіркемесіне барып соқтығысқан»,-дейді апаттар медицинасы орталығы күрежолдық медициналық құтқару бекетінің фельдшері Нұрсейіт Құспанов.

   Бұл соңғы 6 күн ішінде күрежолдың Ақжайық ауданы аумағындағы бөлігінде болған төртінші жол апаты. Осы оқиғалардан екі адам мерт болып отыр.

  www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале