28.09.2015, 19:49
Оқылды: 37

Театрдың кезекті қойылымы

Karatobe 2 koyilim    Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» атты 2 бөлімді комедиясын аудандық халықтық театр көрермен назарына ұсынды.

Бұл комедияда үш жанұяның арасындағы қызықты оқиға – жас жұбайлардың жарқын өмірі жайлы тартымды сыр шертіледі.

Үш дос арасындағы татулық, жас жұбайлардың махабатты, қызғаныштан бір-бірін дұрыс түсінбегендіктен болған оқиға турасында баяндалады.

Зәуреш рөлін бейнелеген Римма Әубәкірова және оның күйеуі Қасым рөлінде Рүстем Ақташев, сонымен қатар Ғазиза рөлін сомдаған Кенжегүл Малдуова, жолдасы Багратион рөлінде Азамат Жексенбаев, Бану рөлінде Аяжан Смағұлова, жолдасы Есет рөлінде Жарқын Байтеміров оқиғаның басынан аяғына дейін оқиға желісінің, басталуы мен шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуын көрермен жүрегіне жеткізе білді.

Комедия барысында Ләззаттың елесі рөлінде Толқын Дүйсеғалиева, Бекзат бейнесінде Нұрбек Таменов, Ләззат рөлін сомдаған Наргиза Сүлейменова өз шеберліктерімен, өнерге деген жанашырлықтарымен ерекше көзге түсті.

Екі бөлімді комедия барысында актерлік шеберліктерімен қоса, сахналық кескін-келбеті мен қимыл қозғалысы көрермен ықыласына бөленді.

Аудандық халықтық театр ұжымы ұсынған қойылымның шарықтау шегі махаббат аясында жас жұбайлар бір-бірін түсініп, татуласуымен сахна шымылдығын жапты.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

                                                                                                       «Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале