19.06.2015, 20:39
Оқылды: 14

Телефон ұрлап тұтылды

JAnibek telefon yrlap   Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінің  кадр жұмысы жөніндегі  аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орахаевтың бізге берген мәліметіне сай,  2015 жылдың  маусым айының  16-сы күні  кешкі сағат 23:30 шамасында Жәнібек ауылының  Б.Жәнекешев   көшесіндегі  №61 үйден  белгісіз біреулер  бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында үйге   жасырын түрде кіріп, «Самсунг» маркалы ұялы телефонды жымқырып, иесіне 15 мың теңге материалдық залал келтірген.

Құқық қорқау органы қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмысы нәтижесінде  Жәнібек ауылының тұрғыны, Ж.  есімді азамат ұсталып, одан ұрланған ұялы телефон тәркіленді. АІІб тергеу амалдарын жүргізуде.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале