20.11.2015, 17:55
Оқылды: 27

Темекіні таста, жаңа өмірді баста!

Janibek shilim shegu   Осындай ұранмен Жәнібек ауданы филиалы «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында  20 қараша –Халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне орай Жәнібек колледжінің жатақханасында іс-шара болып өтті.


 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағынбек Стамов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Мерлан Үркінов және аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Армангүл Аққойшина темекі шегу тәуелділігінің алдын алу мақсатында колледж студенттерімен кездесті. Олар студенттерге өз өмірлеріне немқұрайлы қарамай, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін айтып, пайдалы кеңестер берді. Дәрігер-маман шылым шегудің зияны туралы жалпы мәліметтерді ашып айтты. Студенттер өз тарапынан шараны ұйымдастырушыларға сауалдар қойып, өздерін толғандыратын мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале