16.05.2016, 11:55
Оқылды: 27

Темекіні тәттіге айырбаста

????????????????????????????????????

  Зеленов ауданы орталығында «Темекіні тәттіге айырбаста» акциясы өтті. Аудандық орталық аурухана дірігерлері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Жастық-Молодость» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жігер» жастар денсаулық орталығы бірлесе ұйымдастырған шара барысында темекінің зияны жайындағы плакаттарды ұстаған жастар аудан орталығының басты көшелерімен жүре отырып, азаматтарға темекіні тәттіге айырбастауын ұсынып, жадынамалар таратты.


    Жастардың бастамасына разы болған әр тұрғын қалталарындағы темекілерін арнайы жәшікке салып жатса, зиянды әрекеті жоқ жандарға арнайы төсбелгілер тағылды.

     Акцияның өтуіне ауа райының қолайсыздығы да кедергі болмады. Жастар жиналған темекілерді сындырып, қоқыс жәшігіне тастады.

     -Бүгінгі акциямызды салауатты өмір салтын қалыптастырып, темекінің қаншалықты зиын екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырып отырымыз. Біз таратқан жадынамаларды оқыған бір адам темекі тастаса шарамыздың босқа өтпегіні,-дейді аудандық орталық аурухана психологі Юлия Яфарова.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале