21.09.2015, 20:07
Оқылды: 30

Темірланның кезекті жеңісі  

Тамерлан двд17-19 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ММА бүкіләлемдік ассоциациясының азиаттық дивизионы халықаралық турнирі аясында  аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан Республикасының ІІ Кубогы өткізілді.

ММА қазақстандық спорт саңлақтары көршілес Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елдерінен келген спортшылармен кездесті.

Батыс Қазақстан құрамасының құрамында БҚО ІІД қызметкері Ихсанғалиев Темірлан қатысып, 77,1 кг салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ Темірлан 14-16 қыркүйек күні Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогына арналған халықаралық турнирде жекпе-жек бойынша 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ІІ орынды еншілеп, күміс медальмен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале