17.05.2016, 17:33
Оқылды: 17

Теректіде кәсіпкерлер саны артуда

????????????????????????????????????

    Облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Н. Абдрахманов пен С.Исимова 2 күн қатарынан жаңадан кәсіп бастағысы келген тұрғындарға бағыт-бағдар беруде.

    Аталмыш палатаның аудандық филиалының директоры Нұрбек Айтбаевтың айтуынша, бизнес бойынша кеңес жылына кем дегенде 1 рет өтеді екен. Былтыр аудан бойынша 61 адам кәсіпкер болуға ұмтылса, биыл 29 тұрғын білімін жетілдірген. Сондай-ақ, бұл көрсеткіштің артуы бек мүмкін.


    2 күндік оқуда кәсіп ашу, жоспарлау, банктермен жұмыс, құжаттарды реттеу, арнайы сайтта ақпарат беру, т.б. мәселелер талқыланды. Қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 - Өз ісімді бастаймын деушілерге әрдайым есігіміз ашық. Кәсіпкер атану үшін бизнестің қыр-сырын бес саусағыңдай білу қажет. Сонда ғана нәтиже болмақ. Осы орайда жыл сайын ағарту жұмысын ұйымдастырамыз. Жуырда 21 адам қаладан оқып келді. Бүгін облыс орталығына қатынауға мүмкіндігі болмаған жандардың басын қостық. Ауданымызда шағын және орта бизнес күннен-күнге дамуда. Бұл – үлкен жетістік, - деді БҚО кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Нұрбек Еркінұлы.

    Тренинг соңында кәсіпкер атанып, ел экономикасының дамуына үлес қосам деушілер сертификаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале