25.04.2016, 11:05
Оқылды: 90

Теректіде қазақ келіндері сайысты

????????????????????????????????????

     Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты қазақтың инабалы, ибалы, салт-дәстүрді жетік меңгерген, сымбатты, үйде де, түзде де барлық жұмысқа үлгеріп жүрген келіндер арасында жарыс өтті.


    Сайысқа әр округтен 10 үміткер қатысты. «Сымбат-көрік сәнімен» (таныстыру), «Білгенге маржан» (ситуациялық сұрақтар), «Қолы алтын» (жаңа салат түрін жасау) және «Өнегелі де өнерлі» (өз өнерін көрсету) кезеңдерінен сүрінбей, ІІІ орынды Ақсуат ауылының келіні Динара Нұрланқызы иеленсе, ІІ орын федоровтық Мейрам Әселге бұйырды. Нағыз келінге тән байсалдылығымен көрермен көзайымына айналған подстепныйлық Айнұр Қуанышқалиева І орын алды. Ал, Ақжайықтың ақылына көркі сай Динагүл Сәрсенғалиева есімді  келіні облыста аудан намысын қорғайтын болды, яғни Бас жүлдені жеңіп алды. Қалған «он саусағынан өнер тамған» келіндер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұзын көйлек киіп, орамал таққан, көрерменге нәзіктіктің үлгісін көрсеткен қазақ келіндеріне ризамыз.

www.zhaikpress.kz

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале