19.11.2015, 10:38
Оқылды: 24

Теректілік тиыннан теңге тапқан Тойлан

Terekti tyinnan tenge tapkan01   Халық арасында жаттанды сөз болып, ел арасына сіңіп кеткен тіркестер жетерлік. Сол сөз тіркестеріне қарап отырып қазақтың кемеңгерлігіне таң-тамаша боласың. «Тиыннан теңге құралады» деген сөзді саудадан нан-пұлын айырып, бизнеске бет бұрған жандар мақала етіп сайрап жүр.

Ойлап көрсек бұл сөздің жаны бар. Аңқатылық кәсіпкер Тойлан Хайруллақызы бұл сөз тіркесінің мағынасын жете түсінеді. 1998 жылға дейін "Аңқаты" совхозында секретарь-машинист болып жұмыс атқарып, одан қысқартуға ұшыраған Тойлан апай қолда азды-көпті ірі қара ұстауды  мақат етеді. Содан жолдасының көмегімен 2002 жылдары ірі қараны түгелдей сатып, жиналған қаржыға ұсақ-түйек заттар сатып алады.

Күні-түні далада сол заттарды ауыл тұрғындарына сатып бастаған сәтте қолдағы тиындарының теңгеге айналарын ол сезген еді. Бірте-бірте саудасын ұлғайтып, үйінің бір бөлмесінен шағын дүкен ашады. 2007 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, саудасын әрі қарай дөңгелете бастайды. Дейтұрғанымен Тойлан апайдың жолында көптеген қиындықтар көсе көлденен тұрып алады.

Аңқаты ауылының әкімдігінің бұл жанға берген бағасы жоғары. Ауылда өтетін әр түрлі деңгейдегі мәдени шаралар мен қайырымдылық акцияларынан тысқары қалмайтын Тойлан апайды көпшілік жақсы жағынан таниды. Тақыр жерден сарай салу қаншалықты қиын болса, көлден бастап кәсіп ашу соншалықты ауыр екені даусыз. Кейіпкеріміздің бұл ерлігін көпшілік білуі тиіс, қиындықтан қорыққан жандар үлгі алуы қажет-ақ.

Terekti tyinnan tenge tapkan 02

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале