11.06.2015, 13:53
Оқылды: 25

Теректіні мойындады Елорда

Terektini moyindadi Leorda  Астана қаласында «Әлемге күлкі сыйла» атты халықаралық өнер фестивалі болып өтті.

Осы сынға ауданымыздан «Өркен» балалар тобы мен жас әнші, Федоров қазақ мектебінің оқушысы Динара Рақымғалиева  аттанған еді. Байқауға эстрадалық вокал және топтық орындау аталымы бойынша  жер-жерден 60-тан астам үміткер қатысқан. Солардың арасынан эстрадалық вокал жанры бойынша Динара І дәрежелі лауреат атанса, «Өркен» балалар тобы да қалыспай, кіл мықтылардан оқ бойы оза шауып, топтық орындау аталымында олар да І дәрежелі дипломды иеленді.

Елорда төрінде аудан намысы, қала берді облыстың атын көкке көтеріп, тәжірибелі мамандардың өте жақсы деген бағасын алып қайтқан өнерпаздардың ұстазы, аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі, хормейстр Гүлназ Құсайнова ұйымдастырушылар атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Әділет Орынбасаров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале