11.01.2016, 16:24
Оқылды: 124

Теректі аудандық "Үміт" лингвистикалық гимназиясының 15 жылдығы тойланды.(ФОТО)

 

Ymit01   Сенбі күні аудан көлемінде талай жасты ұлы Өмірге жолдаған, талай дарынды қолдаған, сүрінгені болмаған, республикамыз бойынша ең үздік ауыл мектептерінің көшін бастаған, облыс мақтанышы Теректі аудандық "Үміт" лингвистикалық гимназиясының 15 жылдығы тойланды.


"Үміт" гимназиясы 10 жылдың ішінде 13-рет түлек ұшырған. Солардың ішінде 94 түлек "Алтын белгі" иегері атанса, 54 түлек "Айрықша аттестат" алған.

Осы орайда гимназияның 10 жылдығымен аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев арнайы құттықтап, "Газель" автокөлігінің кілтін сыйға тартты. Қуаныштары қойындарына сыймаған шәкірттерін көрген "Үміттің" анасы Дариға Мұштанова толқып сөз сөйлеп, аудан басшысына алғыс білдірді.

Аудан әкімімен басталған құттықтаулардың реті "Үміттің" тойына арнайы шақырылған құрметті азаматтардың жүрекжарды лебізімен жалғасты.

Ymit02

"Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының басшысының орынбасары Е.Сафуллин, М.Өтемісов атындағы БҚМУ "Қазақстан тарихы және өлкетану" ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің үздігі Ж.Жақсығалиев, ардагер ұстаздар атынан Т.Сапашқызы, А.Камешқызы, С.Шатесқызы және Г.Құспанқызы арнаған ақ тілектер жүрекке жылы тиіп, гимназия абыройын асқақ ете түсті деуге әбден болады.

     "Үмітті" мерекесімен құттықтаушылардың арасында ерекше лебіздерде табылып жатты. Олардың бірі АҚШ-тың Қазақстандағы мәдени бағытты дамытушы елшісі, аталмыш білім ордасында қызмет еткен Чарльз Марчин мырзаның құттықтауы болса, бірі әр жылда гимназия қабырғасынан түлеп ұшқан түлектердің аппақ тілегі. Жаттанды сөз бен жансақ пікірден ада , өздерінің жүректерінен жарып шыққан сөздерімен бөліскен жастарға қошемет деген бөлек.

Ymit03

Әріптестеріңнен және ата-анадан алған алғыс қай-қай мұғалімге болсын қуаныш, серпіліс сыйлары анық. Осы кешке арнайы келген құрметті қонақ Ақжайық аудандық білім беру бөлім басшысының орынбасары Б.Абдулова сахнаға көтеріліп, осы тақылеттес пікірде болды. Сонымен бірге Ақжайық ауданы әкімі Ә.Жоламановтың құттықтау хаты мен естелік сыйлығын гимназия директоры Д.Мұштановаға табыстады.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале