28.05.2016, 12:37
Оқылды: 24

Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды

????????????????????????????????????

    Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов Президент әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Мұрат Рахметұлы Мұқаевты Теректі ауданы әкімінің  лауазымына тағайындады.


   Аймақ басшысы өз сөзінде бұрынғы әкім өз еркімен қызметінен босатылғанын айтып, жаңа әкімді таныстырды.

      Мұқаев Мұрат Рахметұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары. 1992 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және 2005 жылы Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық университетін бухгалтерлік есеп, экономист, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

      Еңбек жолын 1992 жылы Фурманов ауданы салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады. 1994-1996 жылдары «Игілік-банк» Орал филиалының жетекші аға маманы, 1996-1997 жж. Қазақстанның Халық жинақ банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалының бухгалтері, менеджері қызметін атқарды. 1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының «Сайхын» кеден бекетінің инспекторы, 1998-2004 жж. Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма, департамент бастықтарының орынбасары болды. 2004-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Орал кедендік ресімдеу орталығы», 2007-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Өскемен кедендік ресімдеу орталығы»  кеден бекеті бастығының міндетін атқарушы, кеден бекетінің бастығы, 2009-2011 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Тасқала» кеден бекетінің бастығы болып тағайындалған. 2011-2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2013 жылдың 28 маусымынан Жәнібек ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.

????????????????????????????????????

    Активте облыс басшысы М.Мұқаевтың Ұлт жоспары - «100 нақты қадам», «Нұрлы жол»,  «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту сынды міндеттемелерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

    Жаңа әкім өзіне жүктелген міндеттердіңбарлығын абыройлы орындауға бар күш-жігерін салатынын айтты.

   Жиын барысында ауданымыздың еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтары Мұсағали Төлегенов, Александр Попов, Сәлім Қоқашев әкімді тағайындалуымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жолдады.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Тасенова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале