29.12.2015, 12:25
Оқылды: 28

Теректі ауданына инвестиция тартылмақ

Terekti investicia   Желтоқсанның 28 күні аудан әкімдігінің кіші залында шет елдік компания директорларының қатысуымен шағын жиын өтті. Басқосуға әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

   Аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев «Marathon» («Маразон») және «Zhalantos Bahadur»(«Жалантөс Бахадүр») ЖШС фирмалары өкілдерімен ауыл шаруашылығын дамыту үшін инвестиция тарту туралы меморандумға ресми түрде қол қойды. Алматы қаласынан келген инвесторлар Н.Бегалиева мен М.Шевцов жаңа өнеркәсіп ашып, ішкі жалпы өнімді дамытамын деушілерді қаржыландырмақ ниетте ауылымызға ат басын бұрыпты. Олар 7 жыл ішінде несие беріп, жаңа бастамаға қолдау көрсетпек. Сонымен қатар 6 қаңтар күні Алматы қаласында жеке кәсіпкерлерге істің мән-жайынан хабар беріп, семинар өткізеді.


Жаңа 2016 жылы осы құжатта талқыланған мәселелер аясында бюджет қоры өсіп, кәсіпкерлердің тасы өрге домалап, ауыл шаруашылығы өндірісі кеңінен дамыса деген тілектеміз. Әсіресе, Жеңіс Серікқалиұлы атап өткен жылыжай, бордақылау алаңы, сүт өнімдерін өндіретін зауыттар ашылса нұр үстіне нұр болар еді.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Махметқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале