9.12.2015, 13:00
Оқылды: 25

Теректі ауданында "Бірге шырқайық" шоу-бағдарламасы өтуде

 Terekti eki jyldiz   Апта басында Теректі ауданында жыл сайын жалғасын тауып келе жатырған керемет жоба, драйвқа толы мереке, көрген жанның делебесін қоздырар "Бірге шырқайық" шоу-бағдарламасы болып өтті.

         Екі турға созылатын өнер  мерекесінің алғашқы айналымы өте жоғары деңгейде өтті. Шоу-бағдарламасына 7 жұп қатысып, арнайы берілген тақырып, заманауи әндерді орындап, жиылған жұртты дүр сілкіндірді.Бұл шоудың басты ерекшелігі қазылар алқасы мен залға жиналған көрерменнің бағалары ескеріліп, ортақ ұпай шығарылып жеңімпаз анықталады. Ал қазылар алқасында аудан әкімінің орынбасары Алтай Серғазыұлы, облыстық халық шығармашылығы орталығының маманы, арнайы шақырылған қонақ Мәди Сабырұлы және аудандық Достық үйі әдіскері Нұргүл Ғайсақызы болды.


Сонымен алғашқы турдың шымылдығын ашқан облысымызға танымал әнші Айбек Даулетқалиев пен аудандық "Теректі жаңалығы" газетінің жауапты хатшысы, әріптесіміз  Күлімхан Тасенова еді. Бұл жұп аты әйгілі "Формат" тобының "Махаббат" әнін орындап, хит әнмен елдің жүрегін жаулады.Әріптесіміздің үлкен сахнаға алғаш шығып тұрғанын ескерсек, бұл жеңістердің жеңісі деп қабылдауға болады.

Еліміз бен облысымыздың, сонымен қатар ауданымыздың мақтанышы Таңат Жексенбаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Эльмира Сисенбаева ұмытылмас шоу сыйлады. Бұл жұп танымал Ресей жұлдызы Алексей Воробьевтің "Сумасшедшая" әнімен залды шулатып, керемет көрініс арқылы қазыларды таң етті.Таңаттай таланттың тасасында қалмай, керісінше әртістік қабілеті арқылы киелі сахнаның көркін қыздырған Эльмира Сисенбаевның батылдығына сүйсінуге болады.

Ауданымыздың белді әншісі,дәстүрлі ән орындаудың щебері Дәурен Жұмағалиев пен Федоров қазақ мектебінің психолігі Назгүл Орашева болды. Теректіге Бүркіт пен Айша келгендей әсер қалдыртып, қазақ эстрадасының әдемі жұбының орындауындағы "Тау-тау" әні арқылы өте жақсы өнер көрсеткен бұл жұпты халық ерекше қабылдады.

Көрермен мен қазылардың ортай ұпайы шығарылған соң, турдың үздіктері анықталды. Сайыстың бірінші күнінің қорытындысында әділқазылар мен көрермен берген ұпай бойынша Қайрат және Замзагүл Сагидуллиндер көш бастап келеді.

Бірақ бұл тек басы ғана! Екінші тур осы аптаның бейсенбісі яғни желтоқсанның оныншы жұлдызында жалғасын табады.  Жұптар ретро әндер орындау арқылы сынға түсетін болады.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале