6.01.2016, 12:17
Оқылды: 32

Теректі ауданында жаңа нысандар ашылды

 Terekti jana nisandar  Жылқы жылы жақсылықпен келіп, жақсылықпен кетті. Олай деуге себеп жетерлік. Жаңа жыл қарсаңында ауданымызда жаңа нысандардың есіктері айқара ашылды.

Шаған селолық округі Жаңаөмір ауылында "Караван" тойхана кешені жаңа кейіпке еніп, құлпыра түсті.


Бұрын аталмыш нысан кафе есебінде шағандықтарға таныс болса, енді іші-сырты жаңарған зәулім тойхана ретінде қонақтар қабылдайды.  Нұғыманов Серіжігіт пен оның жұбайы Балжан Сағындыққызы 1997 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Шағын дүңгіршектен басталған кәсіп жолы кең сарайдай мейрамханаға айналып, өз жемісін берді. Осы тойхана кешенінің ашылуы арқасында ауылдың 6 тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Нығметов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Жақсыбеков қатысты.

Лента қию рәсімін А.Серғазыұлы мен ауылдың үлкені, ақ жаулықты Күлаш апамыз жасады.

Подстепное ауылында да қуаныш! Жеке кәсіпкер Елена Галянина "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несие алып, ол несиені "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" БҚО аймақтық филиалының кепілдендіру арқылы "Евразия" тойхана кешені құрылысы аяқталды.

Тойхана кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Лента қию рәсіміне аудан әкімінің орынбасары А.Серғазыұлы мен ауыл ақсақалы И.Жүнісұлы қатысты.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале