17.02.2016, 18:47
Оқылды: 31

Теректі ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

 Terekti su taskini       Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 41-бабы 2-тармағына сәйкес көктем мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10 ақпанынан 10 наурызға дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу айлығы жарияланды.


Теректі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі айлық барысында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында елді мекендердегі тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.

Сондай-ақ, аудандық ТЖ бөлімі су басуға қауіпті аймақты мекендейтін тұрғындарға келеңсіз жағдайдың орын алуын күтпестен, өз мүлкінің сақталуын өзі қолға алу, яғни, өз жер телімдерінде жиналған қарды алдын-ала тазалап, шығарып тастау қажеттілігін қаперіне салады.

Адамдар көп жиналатын объектілердің, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына, қажетіне қарай, мұз сүңгілері құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін орнатып, ленталармен қоршап ілуі ұсынылады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале