20.09.2016, 12:41
Оқылды: 27

Теректі ауданында 52 елді мекеннің 31-і көгілдір отын желісіне қосылған

terekti-akimi   Биыл Теректі ауданында 12079 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ақжайық, Тоқпай, Юбилейное, Жаңа Өмір, Федоровка ауылдарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі тартылуда. Яғни, жеке баспана салғысы келген тұрғындарға 1329 жер телімі бөлінбек. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 752,7 млн. теңге құрады. Бұл жайында Қазақстан Орталық коммуникация қызметі облыстық филиалы алаңында ұйымдастырылған кезекті баспасөз мәслихатында мәлім болды.


   Брифингте Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев баяндама жасады. Оның мәліметінше, ауданда өнеркәсіп өндірісі бірнеше есе ұлғайды. Соның ішінде мұнай өнімдері артқан. Айта кетсек, «B.N GаsOіl Processing» ЖШС ауыр дистанциялық отын, газойлдық фракция, қайта айдау қалдықтарын өңдеумен айналысады. Ал «Теректі май комбинаты» күнбағыс майын дайындайды. Алдағы уақытта тағы екі инвестициялық жоба жүзеге асады деп күтілуде. "ABS-мұнай" ЖШС және "УралТэк-НефтеХим" ЖШС мұнай өнімдерін қайта өңдеу зауытында мұнай өнімдерін сақтау базасын қалпына келтірсе, лак-бояу өнімдерін шығару қолға алынбақ. Осы жобалар ойдағыдай іске асса, 200-ден астам жұмыс орыны ашылып, мұнай өнімдерін шығару көлемі жылына 1 млн.тоннаға жетпек. Ауданда көлік-логистика орталығын салу жоспарланған. Сонымен қатар, ирандық инвесторлар 100 га аумаққа жылыжай кешенін салуға ұсыныс жасаған.

   52 елді мекеннің 31-і көгілдір отын желісіне қосылған. Биыл Ұзынкөл ауылының әлеуметтік нысандары газбен жабдықталды. Талпын, Мақпал ауылдарында газ құбыры тартылуда. Бұған бюджеттен 14,6 млн. теңге бөлінген. Қосымша 20 елді мекенге көгілдір отынмен қамтуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Ал 17 елді мекен 223 738 мың шақырым орталықтандырылған су желісімен қамтылған. Тұрғындарға сапалы ауыз жеткізу үшін Сарыөмір, Аңқаты, Новопавловка, Ақжайық, Ақсуат ауылдарындағы 5 нысанды жаңғыртуға құны 807 млн. теңге жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Бұл жоба жүзеге асса, тұрғындардың 51 пайызы таза суды тұтынатын болады.
Приречный, Федоров орта мектептері күрделі жөндеуден өтеді. Приречный, Федоров орта мектептері күрделі жөндеуден өтеді. Федоровка ауылында Бейбітшілік көшесіне күрделі жөндеу жүргізіледі.

   Жыл аяғына дейін жол, су шаруашылығы нысандары мен көпірлер жөндеу, елді мекендерді абаттандыру бағытында 24 жоба жүзеге аспақ. Сол кезде 132 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстардың жалпы сомасы 628,7 млн.теңге. Бұл жайында ОКҚ қызметі БҚО филиалында баяндама жасаған аудан əкімі Мұрат Мұқаев айтты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале