5.07.2016, 18:12
Оқылды: 24

Теректі ауданының әкімі ауызашар берді

теректі         Қадір түніне қарасты кеште Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев ораза ұстап, мол сауапқа кенелуге ұмтылып жүрген тұрғындарға ауызашар берді. Мешіт жанынан құрылған киіз үйге адам лық толып, ине шаншар орын болмады. 


 

Кеш меймандарының қатарында ауылымыздың көнекөз қариялары мен жастар болды. В.Савченко, А.Попов, П.Климов, Л.Лымаровалар қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтады.

Аудандық мешіттің бас имамы Х.Сыдықов Қадір түнінің қасиеті жөнінде уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен салиқалы әңгіме өрбітті. Содан соң ата-әжелеріміз аудан басшысына ақ батасын беріп, еліміздің тыныштығын тіледі.

www.zhaikpress.kz

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале