14.07.2015, 20:20
Оқылды: 15

Теректі ауданы әкімі ауызашар берді

Terekti akim auizashar berdi  Теректі ауданының әкімі Ж.Серікқалиев дәл осы Қадыр түнінде ораза ұстаған жерлестерімізге арнап ауызашар беріп, үлкен сауапты іс қылды. Аудан орталығындағы мешітте халықтың қарасы көп болып, бәрі дұға етіп, Жаратқаннан еліміздің тыныштығын тіледі.

Қазақтың ақ шаңқан киіз үйінде ауданның  үлкені мен кішісі бас қосып, аудан әкімінің ауыз ашар дәмдерінен ауыз тиді. Алдымен сөз алған Теректі аудандық мешітінің имамы Х.Сыдиқов аузыашар беріп жатырған аудан басшысына алғыс білдіріп, жұмысы мен отбасына тыныштық тіледі.

Аудан әкімі Ж.Серікқалиұлы сөз алып, жиналған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын айтты.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале