2.06.2016, 11:56
Оқылды: 39

Теректі ауданы әкімі «Жас қанат» республикалық ән байқауының «Қола қанат» иегері Айбек Дәулетқалиевті қабылдады

????????????????????????????????????

   Теректі ауданы әкімі Мұрат Мұқаев «Жас қанат» республикалық ән байқауының «Қола қанат» иегері, аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі, облысымызға танымал талант Айбек Дәулетқалиевті қабылдады.


    Кездесу барысында Мұрат Рахметұлы алдағы уақытта әр округтің мәдениет үйінің қызметкерлері сенбі-жексенбі күндері тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлау үшін концерт ұйымдастыруға міндетті екенін айтты. Сонымен қатар қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Айбекке Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.

    А.Дәулетқалиев болса, ән додасы –«Жас қанаттың» 25 жылдық шежіресі баяндалған кітапты аудан басшысына ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

Фотоға түсірген Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале