14.06.2016, 12:03
Оқылды: 20

Терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесу

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта облыстық терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесу өтті. Оған тұрғындар, еңбек ұжымдары, бірсыпыра ауылдар өкілдері, ауылдардан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мектеп басшылары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, жастар жетекшілері қатысты.


     Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова жүргізді.

    Кездесуге қатысушылар Ақтөбедегі оқиғада қаза болған әскерилер мен бейбіт тұрғындардың жарқын бейнесін бір сәт үнсіздікпен еске алынды.

   Жиында сөз алған БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов сол қайғылы оқиғаның орын алу себептерін бөтен идеологияға берілумен байланыстырды.

  БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев, Орал қаласы орталық мешіті ардагерлер кеңесінің төрағасы

   Кездесуде сондай-ақ Чапаевтағы мешіттің бас имамы Ерлан Айтенов, ардагер ұстаз Балым Хамзина, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек орталығының төрағасы Құрман Бисеғалиев, Чапаев ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев, агротехколледжінің педагог-психологі Нұргүл Азенова сөз сөйлеп, Ақтөбедегі қайғылы оқиғалардың басты кінәлілерін қатаң жазалау қажеттігін айтты. Олар жас ұрпақтың бойына елжандылықты сіңіру жөнінде отбасынан басталатын зор міндеттерді қозғады.

www.zhaikpress.kz
Тілес ЖАЗЫҚБАЙ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале