19.07.2016, 16:25
Оқылды: 43

Терроризм мен экстремизм үшiн жаза күшейтiледi

Қазақстанда жаңа заң нормаларына сәйкес терроризм мен экстремизм үшiн жаза күшейтiледi. Бұл туралы бүгiн Үкiметте өтіп жатқан отырыста ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Владимир Жұмақанов айтты деп жазады Baq.kz.


 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы атап өткендей, тиісті заң жобасын арнайы құрылған жұмыс тобы әзірлеп шыққан.

«Бас бостандығынан айыру мерзімін күшейтіп, экстремизм мен терроризм үшін мүлкін тәркілеу туралы міндетті норманы енгiзу арқылы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейтіп жатырмыз», - деп баяндады В.Жұмақанов.

Бұдан бөлек, елiмiзде қару айналымын бақылау күшейтiледi. Бұл салада заң бұзғандарға қарастырылған әкiмшiлiк жауапкершiлiк қатаңдатылмақ.

Комитет төрағасының айтуынша, экстремизм мен терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы 6 кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале