20.08.2015, 17:10
Оқылды: 17

Теңге құнсызданады деп ажиотаж жасау негізсіз

долларБүгін «Қазақстан-Орал» телеарнасында өткен арнайы брифингте елдегі жаңа қаржы-несие саясатының ерекшеліктеріне қатысты сала мамандары кәсіби түсінік берді. Брифингке  ҚР «Ұлттық банкі» БҚОФ директоры Ғалия Сатыбалдина, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыпов, БҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатиров, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Валихан Разов қатысты.

Облыстың бас банкирінің айтуынша, мұндай қадам әбден ойластырылған және бүгінгі әлемдегі экономикалық қиын ахуалды ескеріп жасалған. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда инфляциялық таргеттеуге негізделген және ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа ақша-несие саясаты енгізілді. Әуелі валюта бағамының еркін дәлізі жүзеге асырылды. Бірақ, сыртқы нарықтағы шикізат бағасының төмендеуі жалғаса бергендіктен Үкімет пен Ұлттық банк  2015 жылдың 20 тамызынан бастап теңгенің еркін бағамына көшуге шешім қабылдап отыр. Осы сәттен бастап теңгенің айырбас бағамы нарықтық сұраныс негізінде және іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптасады. Жалпы,  Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтып өткендей, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін - отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейін сақтауға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемесетін болады. Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы деңгейін қалыптастыруға араласпайды. Алайда елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу арқылы ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігін өзіне қалдырады»-деді Ғ.Сатыбалдина.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале