23.02.2016, 10:30
Оқылды: 18

ТЖД мамандары елікті құтқарды (ФОТО)

 Elik02   Облысымыздың құтқарушылары алғаш рет елікке көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР ІІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Орал қаласының маңы, Зашаған ауылының жеке үйлерінің бірінің ауласында елікке көмек көрсетті.


Оларға Чагано-Набережная көшесімен кетіп бара жатып, бір топ ит шабуыл жасаған елікті тапқан қала тұрғыны қоңырау алған. Құтқарушылар елікті қарап шығып, оны оралдықтар «балалар хайуанаттар паркі» деп атайтын жас табиғат зерттеушілері стансасына жеткізді. Орталықтың қызметкері елікті қарап, артқы тұяқтары қозғалмайтындығын, мойынының шығып кеткенін анықтайды.

Elik01

Жарақаттанған жануарды далаға жіберуге болмайды, өйткені ол білікті мал дәрігердің жәрдемінсіз қаза табуы мүмкін. Елік қазіргі кезде стансада, оған торлы жеке орын әзірленген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале