19.11.2015, 11:23
Оқылды: 19

ТЖ департаментінің басшы қызметкерлері жол апатына ұшырады

Totenshe   18 қараша күні сағат 10.02 шамасында Ақжайық ауданы Бударин ауылынан 3 шақырымдай жерде, Орал-Атырау күре жолының 90-шы шақырымында «УАЗ-39035330» автокөлігінің 43 жасар жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы келе жатқан «Газель-33021» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Газель-33021» автокөлігінің 36 жасар жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және «Газель-33021» автокөлігінде отырған бір адам бастапқы медициналық көмекке жүгінген.

«УАЗ» автокөлігінің тағы екі жолаушысы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (жол ережесін бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Максим Хайрекеновтің айтуынша, «УАЗ» автокөлігінде аталған департамент қызметкерлері отырған. Олар Ақжайық, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарына қызмет бабымен іссапарға шыққан еді. Қазіргі кезде БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі Жарқын Фазылов пен азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Замир Бердашев облыстық ауруханада жатыр.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале