16.11.2016, 12:05
Оқылды: 37

Тозығы жеткен көлігіңізді 21-ші қарашадан бастап ақшаға өткізе аласыз

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80-%d1%82%d0%be%d0%b7%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d3%a9%d0%bb%d1%96%d0%ba     2016 жылдың қараша айының 21-нен бастап елімізде тозығы жеткен ескі көліктерді қабылдау Бағдарламасы басталады. Бағдарлама ержесіне сәйкес М1 санаттағы (салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеті орынға дейінгі жеңіл автокөлік) көлік құралдары қабылданады.  Ал тозығы жеткен техниканы жоюға өткізген көлік иесі ақшалай өтемақы алады. Берілетін өтемақы көлемі көліктің жиынтығына қарай екі санат бойынша анықталады. Яғни толық жиынтықтағы көлік 150 мың теңге және толық емес жиынтықтағы көлік 48 мың теңге көлемінде бағаланады. Бағдарламаға қатысатын тозған көліктің жылына қатысты ешқандай да шектеу жоқ(апатты автокөліктер де жиынтық санаты бойынша Бағдарламаға қатыса алады).


  Жиынтық санаты Толық жиынтық Толық емес жиынтық
Қозғалысты қамтамасыз етуші Шанақ (шасси) + +
Есіктер (штатное количество) + +
Капот + -
Жүксалғыш қақпағы + -
Қозғалтқыш + +
Беріліс қорабы + +
Радиатор + -
Дөңгелекті қоршаушы жабын (қанатша) (штатты санында) + -
Дөңгелек  (штатты санында) + -
Экологиялық қауіпті матариалдар және компоненттер Аккумулятор + -
Газдарды сыртқа шығаратын жүйе детальдары, сондай-ақ  катализдік бейтараптандырғыштар *көліктің нақты модельі бойынша базалық  жиынтықта болса + -
  1 данасының бағасы,  KZT        150 000          48 000

Ескерту:

«+» - көлікте міндетті түрде болуы керек;

«-» -  көлікте болуы міндет емес;

 

   Бағдарламаның толық қамтылуы мақсатында, жоюға өткізетін автокөлігіңізді қашықтықтан бағалап (  auto.recycle.kz сайты арқылы)  алатын жүйе жұмыс істейді. Тозған көліктерді сатып алу жобасын жүзеге асыру үшін ҚР энергетика Министрлігі 2016 жылдың соңына дейін 10 мың квота бөліп отыр.

   Батыс Қазақстан облысында әзірге Орал қаласы Желаево көшесіндегі № 39-шы мекен-жайда қабылдап бастайды. Облыс тұрғындарының жеке сұрақтары болса, мына (87013808557) жеке ұялы байланысына шығып Зормбек Қажыханұлының өзінен қосымша ақпарат алуына болады.

 

Автокөлік иелері үшін қадамдық нұсқау: 

 

   1 Қадам. Өз аймағыңызда квотаның бар екендігін  www.auto.recycle.kzсайтынан немесе мына телефон 8 800 080 08 65  бойынша тексеріп алу.

   2 Қадам. Меншігіңіздегі көлік құралын www.auto.recycle.kz сайтынан алдын ала бағалап алу.

   3 Қадам. Қажетті құжаттар тізімін жинау.

Жеке тұлғалар үшін: 

Ескі көлікті жоюға тапсыру үшін ІІМ органынан тіркеуден шығару жөнінде анықтама

Көлік иесінің немесе сенім білдірген адамның түпнұсқадағы жеке куәлігі

Өтініш берушінің сенімхаты (егер көлік иесі болмаған жағдайда)

Есепайырысу үшін екінші деңгейлі банктен шот ашу (егер ол жоқ болса)

Заңды тұлғалар үшін: 

Ескі көлікті жоюға тапсыру үшін ІІМ органынан тіркеуден шығару жөнінде анықтама.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуде тұрғандығы жөнінде анықтама.

Заңды тұлғаның атынан әрекет етуші тұлғаға сенімхат.

Сенімді тұлғаның түпнұсқадағы жеке куәлігі.

Компанияның реквизиты.

 

4 Қадам. Тозығы жеткен көлік құралын аймақтық қабылдау бекетіне жеткізуді көлік иесінің өзі жүзеге асырады.

 

Қабылдау бекетінде құжат қабылдау, көлік құралын бағалау және келісімшарт жасау жүргізіледі. Аталған бағдарламаның жүзеге асырудағы басты мақсат экологияны ластаушы техникалар мен қауіпсіз көлік құралдарын азайту.

Айта кету керек,  тозығы жеткен көліктерді жою жобасының әлеуметтік және экономикалық маңызы зор.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале