5.11.2015, 14:12
Оқылды: 19

Тозған ту – елдікке сын

Tozgan tu         Облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен өткен отырыста Ақжайық, Тасқала аудан әкімдіктері мен облыстағы мәдениет және білім беру саласы мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау туралы есептері тыңдалды.

Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Тимур Шниязов аталмыш ауданда облыстық ішкі саясат басқармасымен біріккен тексеріс барысында 48 мемлекеттік мекеменің 8-і рәміздерді талапқа сай қолданбағанын анықталғанын айтты. Олардың төртеуінде тозығы жеткен ту жаңасымен алмастырылған. Кейбір мекемелерде бланкілер, мөрлер стандартқа сай болмаса, кейбір басшылардың кабинетіндегі ту үтіктелмеген. Аудандағы кейбір білім беру мекемелерінің маңдайшасында, басшы кабинеттерінде мемлекеттік ту орнатылмаған болып шыққан. Басшыларынан түсініктеме алынған.

Жуырда Мұз айдынының төбесіндегі жаңасымен алмастырылған мемлекеттік ту бірнеше сағат төңкеріліп тұрды. Қала тұрғыны оны суретке түсіріп алып ғаламторға салып, елге тараған бейне БАҚ-та біраз сыналды. Сондықтан мемлекеттік мекеме басшылары рәміздерге құрметпен қарап, арнайы заң арқылы қорғалатын бұл құндылықты үнемі назарында ұстағаны дұрыс. Себебі жыртылып-тозған Ту – елдігімізге сын.

 www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале