18.09.2015, 17:21
Оқылды: 150

«Толағайдың» жеңімпазы – Ишанбековтер отбасы

Tolagai     «Еуразия» тілдер және менеджмент институтының спорт залында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Серпін» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық жас отбасылар арасындағы «Толағай» спорттық сайысы өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты отбасының әлеуметтік белсенділігін дамыту, адамгершілік мәдениетті сақтау және дені сау ұрпақты тәрбиелеу.  Облыс бойынша үшінші мәрте ұйымдастырылған спорттық шараның биылғы ерекшелігі, ата-аналардың жасы 35 жастан, ал балалар 12 жастан аспауы тиіс. Өткен жылмен салыстырғанда жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар санының артқандығы байқалды.

Сайысқа  Жәнібек, Ақжайық, Қаратөбе, Сырым, Зеленов аудандары мен Орал қаласынан барлығы 9 отбасы қатысып, «Таныстыру», «Кенгуру», «Ептілік», «Кім жүйрік», «Кім шапшаң», «Мергендер» және «Тартыс» деп аталатын кезеңдерде өз белсенділіктерін танытты. Спорттық ойын  қатысушылардың жылдамдығына, ұқыптылығына және тапсырмаларды тиянақты орындауына байланысты  бағаланды.

Бағалау қорытындысы бойынша Зеленов ауданынан келген Ишанбековтер отбасы  жеңімпаз деп танылды.  Ал  Қаратөбе ауданынан қатысқан Тналиевтер отбасы мен Ақжайықтық Ибраевтар отбасы 2-ші және 3-ші орындардан  көрінді. Барлық қатысушы отбасыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат  ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале