18.06.2015, 18:33
Оқылды: 30

Топ жұмысы пысықталды

Zelenov top jinalisidini masele   Зеленов ауданы әкімдігінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобының жұмысы пысықталды.  Аудан әкімінің орынбасары, ақпараттық-насихат тобының төрағасы Асылұлан Досжанов  тұрғындармен жүргізілетін жоспарлы жұмыстар жайын пысықтап, нақты міндеттерді атап өтті. Халықтың діни сауатын жетілдіру, мазалайтын сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасу үшін өтетін кездесу шараларының біркелкі діни тақырыптан тұрмай өзге де қоғамдық ауқымды мәселелерді қамту керектігіне тоқталды.

– Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін біз тек білімді ғана емес, иманды да болуымыз керек. Иманы бар елдің білімі болады, азаматтары білікті, халқына адал болады.  Алланың бар екендігін, бір екендігін, оның біз құлы екенімізді ұмытпауымыз керек. Осы тіршіліктің, осы жақсылықтың барлығы адал ниетіміздің арқасында келіп жатыр. Ұрпақ жайып, елімізді көркейтіп, шаңырағымызда қуанышқа кенеліп отырмыз. Жас ұрпақ ел игілігі үшін сыбана еңбектенуде. Елбасының елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Бір-бірімізді шақырып, ибалықпен, имандылықпен, құшақтаса көрісіп, білгенімізді айтып, дұғамызды оқып, мешітімізді салып, өрісімізді кеңейтіп жатырмыз. Елдің бұл тыныштығы Елбасының арқасы - деген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Сондай-ақ халыққа тұшымды ой айтып, дұрыс жол нұсқауда аса қажет діни тақырыптағы жаңа кітаптар ұсынды.

Ақпараттық-насихат тобының алдағы уақытта атқарылар жұмыстары сараланып, топ қатарына мүшелікке жаңадан алынған мамандар таныстырылды.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыров

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале