17.11.2015, 18:33
Оқылды: 17

Тоғандарға су берілуде

Togandar   Брифингте «Қазсушар» РМК-ның БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиевтың айтуынша, өңірде көктемгі су тасқыны төтенше жағдайларсыз, қалыпты режімде өткен. Жайық өзені бойынша су тасқыны аз деңгейде болған. Оралдағы су бекетіндегі су деңгейінің көтерілуі (09.05. 2015 жылығы мәлімет бойынша) 369 сантиметр болған. Өзендегі су тасқыны 2006 жылғы судың көтерілу деңгейімен шамалас (359 см.) болған. Жайық-Көшім суландыру-суармалау жүйесі бойынша тасқын сумен су қоймаларын толтыра отырып, көлтабандарды іріктеп суару үшін төрт су қоймасының каскадтары арқылы тасымалданып берілген. Жаз мезгілінде облысымыздың Ақжайық, Жаңақала, Қазталов аудандарының аумақтарындағы жасанды тоғандар суға толтырылған.


 

-Қазіргі уақытта Талдыапан, Борки ауылдарына қайталап су берілуде. Бұл жұмыстар қарашаның 25-іне дейін жүреді. Жаңақала ауданының  қыстауларындағы жасанды тоғандарды толтыру үшін қыс мезгілінде Қарақұдық каналы арқылы су беріледі. Үш ауданның Қырқопа, Мортық, Жаңақала, Пятимар, Қызылоба, Қабыршақты деген елді мекендеріне «Таза су» құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі үшін Киров, Бітік су қоймаларынан Дөңгелек, Пятимар су қоймаларына су деңгейін көтеру үшін су жіберілуде,- деді Нұрболат Ұлданұлы журналистермен өткен брифигте.

«Қазсушар» РМК-ның БҚО филиалының директорының мәлімдеуінше, Ресеймен арадағы шарттық міндеттемелер бойынша Еділ суынан өңірімізге 79 млн. текше метр су жіберілгн,   соның ішінде Үлкен өзен бойынша 40 млн. текше метр, Кіші өзен бойынша 39 млн. текше метр су алынған.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале