26.05.2016, 13:09
Оқылды: 16

Тоғызқұмалақшылар республикаға жолдама алды

Janakala togizkumalak   21-25 мамыр күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында Батыс Қазақстан облысының командалық чемпионаты оздырылды.


   Оған он екі аудан және қала мектептерінің спортшылары қатысты. Солардың арасында бақ сынаған Жаңақала аудандық спорт мектебінің спортшылары командалық есеп бойынша 3 орынды иеленді. Айта кетсек, жекелей түрі бойынша Жанар Мұратова мен Шынар Мұратова 1 орынды, Маралбек Темірғали 2 орынды, Бексұлтан Халиоллин 3 орынды еншіледі. Сонымен катар, Шыңғыс Қайратов пен Аяжан Мағзомова сынды ойыншыларда жақсы ойын деңгейлерін көрсете білді.

  Ал, 15-22 маусым күндері Қарағанды шаһарында өтетін ел біріншілігіне ағайынды Жанар, Шынар Мұратовалар жолдама алды. БҚО намысын қорғайтын жерлес қос қарындасымызға сәттілік серік болғай!

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

 Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале