9.11.2015, 14:13
Оқылды: 25

Тоғыз ай қорытындыланды

Toktar material   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінде ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылаған брифинг өтті. Брифингті департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин жүргізіп отырды. Басқосуға, сондай-ақ, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жалпы, есепті мерзім ішінде облыстағы мемлекетттік органдардағы штат саны-4477 бірлік, бос орындар – 338 бірлік құраған. Тамыз-қыркүйек айларында барлық аудандық, қалалық және облыстық мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері жүйеде функционалдық жұмыс істеуге қайтадан оқытылған. Департамент қызметкерлері бос мемлекеттік әкімшілік орындарға конкурс өткізу барысында бірқатар басқармалар тарапынан кемшіліктер жіберілгенін анықтаған. Олардың қатарында: облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бар.

Тоғыз айда департамент өндірісінде 164 сотқа дейінгі материал болды, соның ішінде 121 іс сыбайлас жемқорлық санатына жатады. Департаменттің өзі 131 құқықбұзушылықты тіркеді. 265 қылмыстық іс аяқталып, 39-ы сотқа жолданды. Келтірілген материалдық залал көлемі 215,7 млн. теңге. Бұл қаржының 200,4 миллионы табылып, кері қайтарылды. Сонымен қатар, парақорлыққа қатысты 59 қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірқатарына қатысты үкім шығарылып, кінәлілер заң аясында тиісті жазаларын алды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале