3.08.2015, 19:19
Оқылды: 14

Тоғыз жоба мақұлданды

Steskov 0333   Облыс әкімдігінің үлкен залында аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың төрағалық етуімен өткен жиында жалпы сомасы 306,4 миллион теңгені құрайтын 9 жаңа жоба қаралып, мақұлданды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан жобалар құрылыс материалдар өндірісіне, мектепке дейінгі білім беруге, көлік және техникалық қызмет, сондай-ақ, ойын-сауық қызметтерін көрсетуге бағытталған.

Мәселен, Ақсай қаласындағы «Наурзалиева» жеке кәсіпкерлігі көліктерді техникалық тексерістен өткізетін орталықты іске қосып, жаңадан 5 жұмыс орнын ашпақ. Ал Орал қаласындағы жеке кәсіпкерлік жетекшісі Сәуле Ысқақова болса демалыс және ойын-сауық қызметін ұйымдастырып, жаңадан 15 жұмыс орнын ашуды жоспарлаған. Қаламыздағы «Восход Евразий» ЖШС мектепке дейінгі білім беру ұйымын құрып, 10 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Ақынжан Орынбеков жетекшілік ететін жеке кәсіпкерлік болса,  көлік қызметіне байланысты бұрынғы 2 жұмыс орнын сақтай отырып, жаңадан тағы 2 жұмыс орнын ашпақшы. Ақсай қаласындағы «Қазтур» ЖШС құрылыс техникаларын арендаға және жалға беру арқылы бұрынғы 20 жұмыс орнын сақтай отырып, жаңадан тағы 20 жұмыс орнын ашпақ. «Сәбира» жеке кәсіпкерлігі болса, пеноблок өндірісі арқылы жаңадан 3 адамды жұмыспен қамтымақ. Орал қаласындағы Ғабдолла Батыровтың жеке кәсіпкерлігі туристік лагерь, демалыс және ойын-сауық қызметтерін көрсету арқылы бұрынғы 4 жұмыс орнын сақтай отырып, жаңадан тағы сонша адамды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ Ақсай қаласындағы «Азия Тех Строй» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру және құрылыс-жөндеу жұмыстары арқылы 340 жұмыс орнын сақтай отырып, жаңадан 32 жұмыс орнын ашпақшы.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале