17.08.2016, 18:18
Оқылды: 25

Тоқтаусыз сырылдаған 35 орақ шабындық алқабын одан әрі еңбек симфониясына бөлеуде

Жұмыспен қамту жүйелі жүргізіліп жатыр1    Тамыз айының тең жартысы артта қалса да, мешін жылының аптап ыстығы қыр төсінің апшысын қуырып тұр. Соған қарамастан, Ақсоғым ауылдық округінде табиғи мал азығын дайындау науқаны толассыз жүріп жатыр. Ауа-райының ашық-жарық күндерін тиімді пайдаланып, пішен қорын сапалы күйінде жинап алуды көздеген механизаторлар шөп шабу мен үю арасындағы операцияларды үзіліссіз атқаруда.


    Осындай ыждағатты да, ұтымды еңбектің арқасында алдағы қысқа 11 мың тонна табиғи қор дайындау жоспарының елу пайыздан астамы орындалды.

   Тоқтаусыз сырылдаған 35 орақ шабындық алқабын одан әрі еңбек симфониясына бөлеуде. Бұл істе қимылы ширақ Оңғар Төлемісов, Сәбит Әжікеев басқаратын шаруа қожалықтарының пішенші механизаторлары жекелерге де қолұшын беріп үлгеріп жүр.

М.Қуандықов

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале