30.05.2016, 16:23
Оқылды: 40

Туған елге түлектер тартуы

saiabakҚараөзеннің жартығасырлық торқалы тойына орай жергілікті мектептің 30 және 20 жыл бұрынғы түлектері ауылдағы демалыс саябағын жаңғыртып, туған еліне тарту етті.


Талай жастың өзара сырласқан уыз сезімдеріне куә болып, кейін отбасын құруына себепші болған ауыл орталығындағы саябақтың күтім қажет етіп тұрғаны жасырын емес-тұғын. Қараөзен ауылының 1969, 1979 жылдары дүниеге келген азаматтары мен азаматшалары осы олқылықтың орнын толтырып, жұмыла жүріп, жазғы демалыс саябағын жаңғыртып берді.

Саябақтың ашылу салтанатына жиналған ауыл жұртшылығының қуанышын бөлісе келген аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен және Қараөзен ауылдық округінің құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, игі тілегін арнады.

Түлектер атынан сөз алған Нұрлан Қуатов пен Дархан Стамғазиевтер де жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Балалық шақтарын еске алған ауыл перзенттері орындаған «Армандастар» әні Қараөзен аспанын тербеді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале