5.05.2016, 17:50
Оқылды: 21

«Туған елдің тұмары болған тұлғалар»

Screenshot_2016-05-05-17-14-52-1Бүгін облыстық қазақ драма театрында суретші Вячеслав Тихоновтың «Туған елдің тұмары болған тұлғалар» атты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған портреттер көрмесі ашылды. Шара «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылды.


- Біздің жерлесіміз, суретші Вячеслав Тихоновтың сонау 1993-95 жылдары Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арнап жасаған еңбектері бүгінгі таңда осындай кең көлемді көрмеге айналып, өңір жұртшылығының назарына ұсынылып отыр. Уақытында бұл суреттер ҰОС ардагерлерін суретшінің алдына арнайы отырғызу арқылы салынған.

FB_IMG_1462446848604Вячеслав Андреевичтің мұндай портреттерінің жалпы саны жүзге жуық. Соның 63-і қазіргі көрмеде тұр. Бұл орайда суретшінің туындыларын жоғалтпай осы күнге жеткізген жары Надежда Тихоноваға және осы көрменің жасақталуына қолдау білдірген облыстық мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжановқа айтар алғысымыз зор, - деді салтанатты шарада құттықтау сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен.
Суретшінің зайыбы Надежда Ефимовна күйеуінің шығармашылық жұмыспен айналысуы, көрмеге қойылған туындылардың дүниеге келуі туралы тартымды естеліктерімен бөлісті.
Вячеслав Тихонов 1945 жылы Нижегород облысында, әскери жанұяда дүниеге келген. Қиыр Шығыстағы ракеталық әскер қатарында қызмет атқарған. Әскери қызметінен соң Красноярскіде тұрып, Суриков сурет мектебінде білім алады. КСРО суретшілер одағының көркемсурет қорында жұмыс жасаған. 1988 жылдан бастап Орал қаласының тұрғынына айналған ол Сәкен Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебінде сабақ берген.
Аталмыш көрме мамыр айының 11-іне дейін көпшілік назарына ұсынылмақ.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале