16.03.2016, 10:52
Оқылды: 27

«Туған жер сені қосам әуеніме»

Janakala anim sagan arnaladi tygan jer   Наурыз айының 13-і  күні аудандық мәдени-демалыс орталығында «Туған жер сені қосам әуеніме» атты Ерлан Сатыбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған шығармашылық кеш өтті. Шығармашылық кеш шымылдығы Ерлан Нұрғазыұлы жетекшілік ететін  мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық фольклорлық ансамблінің орындауындағы Тойбастар күйімен түрілді.


Сазгер, сырнайшы, өнерде өз орны бар ауыл ағасын құттықтауға алғашқы болып сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева өзінің жүрек жарды тілегін жеткізіп,  аудан әкімі Л.Хайретдиновтың құттықтау хатын табыс етті. Өз кезегінде сахнаға көтерілген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қарағойшин мерей той иесін құттықтап, облыстық халық шығармашылығы орталығының Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ көрермендер қошеметімен киелі сахнадан көрінген мерейтой иесінің бала кезден бірге жүріген досы, сыныптасы,  өнердегі серігі, аудандық маслихат хатшысы Закария Сисенғали  Ерлан Нұрғазыұлына өзінің тілегін жолдап, сырнайшы досына арнаған жыр шумақтарын тарту етті.

Әрмен қарай ауылдас достары мен ауылдық округ әкімдері құттықтауларын жеткізіп, естелік сыйлықтарын ұсынды.

Мерейлі 60 жасқа арналған шығармашық кеш ауыл өнерпаздарының әсем әуендерімен көмкеріліп, көрермендердің қошеметімен шырайлана түсті. Кештің соңында мерейтой иесі алыс-жақыннан келген дос-жарандары мен жақын-жуықтарына алғысын білдіріп, әнге толы кешті қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале