7.05.2016, 14:19
Оқылды: 41

Тыл еңбеккерін құттықтады

Screenshot_2016-05-09-07-54-35-1Жаңғырығы бүгінге жеткен қаһарлы 1941-1945 жылдардың адамзат баласына салған салмағы, қайғысы мен азабы өлшеусіз. Әділдік пен азаматтық, намыс пен ерлік үстемдік құрған Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Шыңғырлау ауданы әкімінің тапсырмасымен барша мекемелер аудандағы ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін елеулі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетуде.


 

Қарашаның қамысындай селдіреген аға буын қатарында маңдай тер еңбекпен ғұмыр сүріп, 5 бала өсіріп, 16 немере жиен, 12 шөбере сүйген тыл еңбеккері Досқазиев Төлеген атамыз да бар. Соғыстың озбыр ізін еңбекпен толтырған, қаршадайынан еңбекке араласып, елдің ес жиюына үлес қосқан сол кездегі жас өрен, бүгінде 79-дағы қария ел тыныштығын, балалар амандығын дұғасынан тастамай ғұмыр кешіп келеді. Соғыстан кейінгі елді оңалту науқаны, масақ теріп, бұзау баққан, тышқан аулап, шөп шапқан кезді есіне ала отырып, бүгінгі бақуатты заманға тәубе айтатын ақсақал балалық шағы Ресейдің Орынбор облысы, Елек ауданы, Дмитриевка селосында, ересек еңбек жолы Шыңғырлауда өткенін айтады. Өткен жылы «Жеңістің 70 жылы», Ресей Федерациясының «Дети войны» медальдарымен марапатталған қартты бүгін аудандық БЖСМ –нің директоры, Израиль мемлекетінің Ашдот қаласында самбодан спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионатының чемпионы Қайсар Құсайынов құттықтап, барша балалығы мен естияр ғұмыры елге еңбек етуге арналған қадірлі қарияға жүрекжарды тілегін арнады. Бағалы сыйлық ұсынып, денсаулық тіледі.

Ұрпақтар ықыласы мен басшылық назарына разы болған қарт еңбеккер алғысын білдіріп, бата берді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале