26.09.2015, 14:02
Оқылды: 53

Тілдер күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты фестиваль өтті

Nyrlibek til merekesi   Облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасындағы  тілдер күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық фестиваль өтті. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шара сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Оған тіл жанашырлары мен облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сөз сөйледі.

– Ана тіліміздің ахуалына Елбасымыз Н. Назарбаев қашан да көңіл бөліп, ұдайы қамқорлық жасап отырады. Тілсіз ел жоқ. «Мәңгілік ел» болсақ, Қазақстан үшін басты нышан – ана тіл. Ол сонымен бірге еліміздегі бізбен тағдырлас өзге ұлт өкілдеріне де ортақ. Өйткені ол – біздің рухани тұтастығымыздың қуатты құралы. Тіл мерекесі биыл Қазақ хандығының 550  және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен тұстас келіп тұр. Мұның өзі – жақсы көрініс. Демек, келешекте де осы жарасымды үрдіс жалғасын тауып, Отанымыздағы бірлік мен ынтымақ нығая берсін! – деді Бақтияр Мәкенұлы. Содан кейін ол бір топ ұлт жанашырларын облыс әкімінің алғысхатымен марапаттады. Жоғары құрметке ие болғандардың ішінде өңірімізге танымал ғалымдар Серікқали Шарабасов, Мұрат Сабыр, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева, әріптестеріміз «Орал өңірі» газетінің тілшісі Нұртас  Сафуллин мен бөлім меңгерушісі Нұрлыбек Рахманов, «Приуралье» газетінің  тілшісі Жанат Тоқтарова және басқалары бар.

www.zhaikpress.kz

Серік  ІЗБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале