26.05.2016, 13:01
Оқылды: 20

«Тілсіз жауды» тойтару үшін

Akjayik ort tilsiz jau   Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі өрт қауіпсіздігі кезеңіндегі барлық қам-қарекетті жүзеге асыруда. Өрт сөндіру бекетін құруға бюджеттен қаржы бөлініп, сәуірде 10 адамнан топ құрылды.


  Осы сарбаздар жуырда БҚО Азаматтық қорғаныс бойынша мамандандырылған оқу орталығынан өрт сөндірушілердің алғашқы дайындығы бағдарламасы бойынша өтіп, сертификат алды. Мекеме Тайпақтағы №18 өрт сөндіру бөлімімен тығыз байланыста. Атап айтқанда, мысалы, аға өрт сөндіруші Армат Тамашев, бөлімше командирлері Асылхан Мерғалиев, Дамир Кикбаев, «Урал», «УАЗ», «ЗИЛ», «АС40» автокөліктерін жүргізушілер Мәлік Құспанов, Райбек Мұратжанов бастаған азаматтардың күшімен сарбаздардың орман және дала өртін болдырмау мақсатында машықтық іс-дәрістері өтті.

     Өрттің алдын алуға байланысты барлық шаруа қожалықтарына ескертулер таратылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале