1.09.2016, 13:51
Оқылды: 20

Тілші мерейі

 Shingirlau tilshi Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев аудандық «Серпін» газетінің тілшісі Татьяна Кишкинаны қабылдады.

Ауданның бұқаралық ақпарат құралдары саласында 30 жыл еңбек жолын жүріп өткен тәжірибелі тілші майталман маман қыркүйек айының басында зейнет жасына толмақшы.


  Қолынан қаламы түспеген, ауданның тыныс-тіршілігін газет бетінде өрнектеген, мәнді мақала, тағлымды пікірлерімен аудан жұртшылығының  ықыласынан, сүйіспеншілігі мен құрметінен орын алған танымал тілші  Татьяна Геннадийқызын құттықтаған аудан әкімі Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық ұсынды. Ресми қабылдау кезіндегі емен-жарқын әңгімеде аудан басшысы Т.Кишкинаға зор денсаулық тілеп, аудан өмірінде атқарушы органдармен халық арасындағы бірден-бір дәнекер саналатын тілшілер еңбегінің рөлі, қоғамдағы жетістік пен сын, қоғамдық пікір мен ойдың таразысы болып отырған маңызды саланың мамандары екенін айта отырып, тілші еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, зейнет жасына жетсе қоғамдық жұмыстың ортасында жүрген тынымсыз еңбеккерліген шын пейілмен разылығын білдірді.

Татьяна Кишкина еңбек жолын мұғалімдіктен бастап,  өмірлік еңбек жолында аудандық комсомол комитетінің хатшысы, кейін отбасылық жағдайымен Ресей мемлекетінде  Орынбор облысының Гай қаласында «Гайская новь» газетінің тілшісі, қалалық радиохабар таратылымының редакторы, одан соң ауылшаруашылық бөлімінің тілшісі қызметтерін атқарады. 1989 жылы туған ауылы Шыңғырлауға оралып, сол кезде аудандық «Знамя труда» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы, редактор орынбасары,  жергілікті радиохабар таратылымының редакторы қызметтерінде жұмыс жасады. Жергілікті «Серпін» және «Знамя труда» газеттері біріккенен соң «Серпін» газетінің тілшіс болып орналасып, осы қызметті бүгінгі күнге дейін атқарып келеді.

Сондай-ақ, аудандағы «Березка» орыс ұлттық-мәдени орталғының жеткшіі бола жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда Татьяна Геннадийқызы аудандық әйелдер кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің,  аудандық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі.

Еңбек жылдарында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалімен, бірнеше мәрте аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марпатталған. Аудандық «Құрмет тақтасына» суреті ілінген.

Ардақты әріптестің мерейлі мерекесі барша тілшілер ұжымын қуантуда.

Қаршыға Елемесов

 Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале