10.12.2015, 12:57
Оқылды: 22

«Тіл мен тілші» байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

tomendegi shara 01   Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдерінің XV облыстық фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамытуды насихаттау, қазақстандық патриотизмді нығайту аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тіл мен тілші» байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.


Шараның шымылдығын аталған мекеменің бас директоры Жантас Сафуллин ашып, еліміздегі тіл саясаты жайында қалам теруші тілшілер қауымын қолдау мақсатында байқау ұйымдастырғандары үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжымына, басшысы Махамбет Ихсанғалиға алғысын жеткізіп сөз кезегін ұсынды.

tomendegi shara02

Тәуелсіз сарапшы, ардагер журналист Тихон Әліпқалиевтің айтуынша, байқауға 8 үміткерден 26 мақала түскен. Соның ішінде озық 6 мақала таңдап алынған. Сол 6 мақала өзге материалдан жазылуы, ой-пікір, тұжырымдары озық болып танылып тұрған.

tomendegi shara03

     Қазылар алқасы «Орал өңірі» газетінің тілшісі Рахманов Нұрлыбек I орынға лайықты деп таныса, II орынға «Сырым елі» газетінің тілшісі Молданиязова Шынар мен «Орал өңірі» газетінің тілшісі Кенжеғалиева Гүлжамалды, III орынға БҚМУ магистранты Утеғалиева Лаура, «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі Орынбасаров Әділетті және «Шұғыла» газетінің тілшісі Кесекова Арайлымды  лайық деп таныды. Жүлдегерлерге грамота мен қомақты ақшалай сыйлықты облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали табыстады.

 www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале