7.10.2015, 19:22
Оқылды: 24

Тіл мерейін асқақтатқан шара

Sirim til merekesi    Сырым ауданында «Мемлекеттік тіл – ұлттық мәдениеттің тірегі» аудандық конференция оздырылды.

Конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ның филология факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қыдыршаев, БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-ның мемлекеттік тілді оқыту-әдістемелік бөлімінің басшысы Б.Жексенғалиев, БҚО тілдерді дамыту  басқармасының бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Г.Бисенғалиева ретінде қатысып, мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

Тіл жанашырлары тіл тағдырының күрмеуі қиын екендігін, қазіргі таңда қоғамда сөйлеу мәдениеті өте төмен екендігін, бұл жайттарға мемлекеттік қызметте отырған лауазымды тұлғалардың өз септігін тигізу керектігін атап өтті.

Конференция барысында Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында оздырылған «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық тіл айлығы қорытындыланып, аудан орталығындағы мекемелер арасында ұйымдастырылған «Үздік іс жүргізуші мекеме» болып аудандық білім беру бөлімі, «Ең үздік құжаттамашы» Ғалия Балпейісова («Балдырған» балабақшасы), «Ең үздік іс жүргізуші қызметкер» Бағдагүл Жоламанова, (Сырым колледжі), сондай-ақ «Мың бала» жобасын іске асыру мақсатында «Мақал-мәтелдер» сайысында «Сырым колледжі» ІІІ, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМ ІІ, ЖББ Қ.Мырзалиев ат. ОМ І орындарды иеленді.

Жеңімпаздарға облыстық тілдерді дамыту басқармасы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан алғыс хаттар мен дипломдар ұсынылды.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Мәлікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале