2.06.2016, 11:41
Оқылды: 21

Түлектерге сәттілік тіледі

????????????????????????????????????

    Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығы  ғимаратының алдында  жылдағы дәстүр бойынша мектеп түлектерін ҰБТ-ға шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті.

    Алдымен  сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева білім сапасы жағынан ауданымыздың алдыңғы үштіктен орын алып жүргенін тілге тиек етті.


    –«Биылғы жылғы түлектердің  де бұл сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыратындарына сеніміміз мол. Сондықтан  сіздерге сәттілік тілеймін»,- деді  өз сөзінде Люция Әсетқызы.

    Содан соң білім саласының ардагері Б.Бикеев ақсақал түлектерге ақ батасын берді.

    Биыл аудан бойынша 132 түлек түлек мектепті аяқтаса, 102 түлек ҰБТ-ға қатысып білімдерін сынамақ. Оның ішінде 9 оқушы «Алтын белгіге» ал, 8 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

     Жиын соңы ауданымыздың  әншісі С.Гайнуллиннің орындауындағы «Ұлы дала» әнімен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале